Қазақстан Президенті Н. Назарбаев Ыстамбұлда Түркі Кеңесінің жалауын көтеру рәсіміне қатысады

None
None
ЫСТАМБҰЛ. 11 қазан. ҚазАқпарат -  2012 жылдың 12 қазанында Түркі Кеңесінің Ыстамбұл қаласында орналасқан Хатшылық ғимаратында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Түркия Республикасының Президенті Абдулла Гүлдің қатысуымен ту көтеру рәсімі өтеді.

Түркі кеңесіне мүше мемлекеттердің елшілік қызметкерлері, Түркия Республикасындағы дипломатиялық, консулдық миссиялардың және халықаралық ұйымдардың өкілдері, жоғары лауазымды тұлғалар, ғалымдар мен зиялы қауым қатысатын салтанатты рәсімде Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия Республикаларының Мемлекеттік Тулары және Түркі Кеңесінің туы көтеріледі.

Түркі Кеңесі 2009 жылдың 3 қазанында Нахчыван Келісімі бойынша халықаралық ұйым ретінде құрылған болатын. Ыстамбұл қаласында орналасқан Хатшылық 2010 жылғы 16 қыркүйектен бастап қызмет атқаруда.

Түркі Кеңесіне мүше мемлекеттердің туларын жинақтаған Ұйымның көк түсті жалауы 2012 жылы тамыз айында Бішкек қаласында өткен ІІ Түркі Кеңесінің Саммитінде қабылданды.

Соңғы жаңалықтар