Қазақстан Президенті Н.Назарбаев бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығына ең лайықты басшы - Түркияның «Ватан» газетінің журналисі Кемал Саллы

None
None
ЫСТАМБҰЛ. Тамыздың 6-сы. ҚазАқпарат / Ирина Дынникова/ - Кеше Түркияның Ыстамбұл қаласында Қазақстанның Бас консулдығының ұйымдастыруымен 29 тамыз - Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың халықаралық күніне байланысты, ғалымдар мен түрік бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел болып өтті.

Аталған жиында 1991 жылы тамыздың 29-да Қазақстан мемлекеті әлемдегі 4-ші ядролық арсеналдан өз еркімен бас тартып, халыққа қасірет әкелген Семей полигонын жапқандығы туралы сөз болды.

Сондай ақ Қазақстанның бастамасымен БҰҰ 29 тамыз - Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың халықаралық күні ретінде жариялау қарарын қабылдап, Қазақстан әлемде ядролық қауіпсіздік және бейбітшілік мәселелерінде алдыңғы қатарлы, жетекші ел ретінде маңызды рөл атқарып отырғаны баса айтылды.

Түркиядағы ҚР Бас консулы Асқар Шоқыбаев Қазақстан мен ЯСЖТС -ның (Ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу) 14 жылдық ынтымақтастығы мен оның маңыздылығы жөнінде хабардар етті.

Тарих ғылымының докторы Әбдуақап Қара «Әлемдегі ядролық қауіпсіздік және бейбітшіліктің бастаушысы - Қазақстан» деген тақырыпта баяндама жасады.

«Қазақстан ядролық сынақ зардаптарын көп тартқан ел. Ел Президенті Н.Назарбаевтың бұл маңызды шешімді қабылдауы, қазіргі таңда әлем деңгейінде ядролық қаруларды жоюға деген сенімді көзқарасты қалыптастырды»,- деді қазақ ғалымы Ә.Қара.

Шара барысында Қазақстан Елбасының әлемді ядролық қарусыздануға шақырып және атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану мәселелері шетелде кеңінен қолдау тауып, ядролық жарылыстардың зардаптары туралы мәліметтерді кеңінен жариялаудың маңыздылығы айтылды.

Қазақстан Республикасы тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап-ақ қауіпсіздік, тұрақтылық және өркендеу үшін барлық елдермен, халықаралық ұйымдармен өзара сенім негізінде ынтымақтастық құруға бағытталған бейбіт сыртқы саясат жүргізетіні мәлім.

Осыған байланысты дөңгелек үстелге қатысушы журналистер құрамындығы Түркияның «Ватан» газетінің жаңалықтар бөлімінің бастығы Кемал Саллы, өткен жылы АҚШ Президенті Барак Обама ядролық қару қорларын қысқартуға шақырғаны үшін бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығын иеленгенін еске салып, негізінде өз еркімен ядролық қарудан бас тартып, оны таратпау жөнінде бастама көтеріп, бұл жолда мол күш-қайрат жұмсап отырған Қазақстан Президенті Н.Назарбаев бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығына ең лайықты басшы, деп өз пікірімен бөлісті.

Соңғы жаңалықтар