Қазақстан Президенті мен Германия Канцлері кеңейтілген құрамда келіссөздер өткізді

БЕРЛИН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ангела Меркель келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Ақорда.
Қазақстан Президентін ресми қарсы алу рәсімі Федералдық канцлердің ведомстволық ғимаратының алдында өтті. Қазақстанның, Германияның және Еуропалық Одақтың тулары көтеріліп, Бундесвердің бас оркестрі екі мемлекеттің әнұрандарын орындады.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ангела Меркель Құрмет қарауылын аралап шықты. Содан кейін екі елдің ресми делегациясының құрамы таныстырылды.
Салтанатты рәсімнің соңында Қазақстан Президенті мен Германия Канцлері кеңейтілген құрамда келіссөздер өткізді.
Келіссөздер барысында екіжақты байланыстарды жандандыруға және стратегиялық экономикалық серіктестік орнату перспективаларына баса мән берілді.
Сондай ақ білім, ғылым және мәдениет салаларындағы өзара ықпалдастық мәселесі сөз болды.
Айта кетерлігі, бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев ФРГ Президенті Франк-Вальтер Штайнмайермен, Германияның экс-канцлері Герхард Шредермен және неміс бизнесінің жетекші өкілдерімен де кездеседі.- Британияда жүк көлігінде тұншығып өлген 39 мигранттың қазасына кінәлі 4 адам сотталды
- Ядролық қаруға тыйым салатын шарт: Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосы мәлімдеме жасады
- Әзербайжан қайраткерлері «Абай 175 жыл» медалімен марапатталды
- Алексей Цой Мемлекет басшысына елдегі эпидемиологиялық жағдайды баяндады
-
Президент: Басты міндетіміз – әйелдер мен балалар құқығын қорғау
-
Түркияның Эрзурум қаласындағы мектепке Әл-Фараби есімі берілді
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам