Қазақстан Президенті мемлекет және қоғам қайраткері Өмірбек Бәйгелдіні қабылдады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті мемлекет және қоғам қайраткері Өмірбек Бәйгелдіні қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы мен Парламент Сенатының бірінші төрағасы Орталық Азиядағы қазіргі әлеуметтік-экономикалық және саяси ахуалдар жөнінде пікір алмасты.

Олар қоғамдық өмірдегі өзекті проблемаларды, соның ішінде өскелең ұрпақтың патриотизм рухында тәрбиеленуіне, халқымыздың тарихына құрметпен қарауына қатысты мәселелерді талқылады.

Соңғы жаңалықтар