Валюта бағамдары:
    usd/kzt 476.18 eur/kzt 485.56

    rub/kzt 7.76 cny/kzt 70.34
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: 1 °С
Алматы: 15 °С

Қазақстан Президенті Луганск пен Донецкке қатысты пікір білдірді

2022 жылғы 17 маусым 21:50

САНКТ-ПЕТЕРБУРГ. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Санкт-Петербург Халықаралық экономикалық форумында Луганск пен Донецкке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Турасын айтайын, бұл мәселеге қатысты түрлі пікір бар. Қоғамымыз ашық, азаматтық қоғамның толысқаны анық байқалады. Сондықтан, түрлі пікірлер айтылады. Дегенмен, келесін атап өткім келеді: қазіргі заманғы құқық – бұл БҰҰ Жарғысы. Бірақ, БҰҰ-ның екі ұстанымы бір-біріне қарама-қайшы келеді – бұл мемлекеттің тұтастығы және ұлттың өз таңдауын жасауға құқығы. Егер солай болса, бұл ұстанымдар бір-біріне қарама-қайшы, түрлі түсіндірме бар», - деп атап өтті Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы БҰҰ-ның негізін қалаушылар осы мәселені кезінде ескермеуі, не болмаса ымыра ретінде әдейі енгізуі мүмкін екендігін атап өтті.

«Екі ұстаным бір-біріне қарама қайшы келеді. Егер солай болса, бұл ұстанымдар бір-біріне қарама-қайшы, түрлі түсіндірмесі бар. Біреулер, «мемлекеттің аумақтық тұтастығы – киелі» дейді. Өзгелері, белгілі бір мемлекеттің құрамындағы кез келген халық өзінің мемлекеті болуға құқылы және өз мемлекетін құра алады әрі қалауымен одан бөлектене алады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

ҚР Президентінің атап өтуінше, егер ұлттарға таңдау құқығы берілсе, онда жер шарында 193 мемлекеттің орнына 500-600 мемлекет құрылар еді.

«Бұл бейберекеттік тудырады. Дәл осы себепті біз Тайваньды да, Косованы да, Оңтүстік Осетияны да, Абхазияны да мойындамаймыз. Демек, бұл принцип біздің көзқарасымызша квазимемлекеттік бірлестік саналатын Луганск пен Донецкке де қолданылатын болады», - деді Мемлекет басшысы.


Автор:

Марлан Жиембай

Новости по теме
Серіктестер жаңалықтары