+7 (701) 759 90 19
USD 383.95 EUR 429.26
RUB 6.16 CNY 55.02
Jańalyqtar

Қазақстан Президенті ҚКП ОК Саяси бюросының мүшесі Ян Цзечимен кездесті

2019 жылғы 11 қыркүйек 11:01
Бөлісіңіз:
Қазақстан Президенті ҚКП ОК Саяси бюросының мүшесі Ян Цзечимен кездесті

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасына екікүндік мемлекеттік сапарын ҚКП ОК Саяси бюросының мүшесі, ҚКП Сыртқы істер жөніндегі жетекші топ Канцеляриясының бастығы Ян Цзечимен кездесуден бастады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар
Қасым-Жомарт Тоқаев «Deutsche Welle» телерадиокомпаниясына сұхбат берді Мемлекет басшысының апталық жұмысына бейнешолу Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ақмола облысына жұмыс сапарының видеошолуы

Кездесу барысында Мемлекет басшысы Ян Цзечи мырзаны бұрыннан білетінін, оның ҚКП сыртқы істер министрі лауазымындағы табысты қызметімен бұған дейін де жіті таныс екенін атап өтті. Президент бұл сапардың Қазақстан үшін өте маңызды екенін де айтты.

– Біз Қытайды көршілес әрі достық қарым-қатынастағы мемлекет деп есептейміз. Сондай-ақ, әлемдегі экономикасы дамыған екінші ел екенін де негізге аламыз. Қазақстан бұл сапарға үлкен мән береді. Біз Қазақстанның Азиядағы іс-қимыл және өзара сенім шаралары жөніндегі кеңес пен халықаралық аренадағы басқа да бастамаларын қолдағаны үшін Қытай мемлекетіне ризашылық білдіреміз. Экономикалық ынтымақтастыққа келер болсақ, оның стратегиялық сипаты бар. Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев пен Төраға Си Цзиньпин қол жеткізген уағдаластықтар одан әрі дами береді, – деді Мемлекет басшысы.

Ян Цзечи Қасым-Жомарт Тоқаевты биылғы маусымда Қазақстан Президенті лауазымына сайлануымен құттықтады. Оның айтуынша, сайлаудағы жеңіс – Қазақстан халқының жоғары сенімінің көрсеткіші. Ян Цзечи Қазақстан Президентінің бұл сапары екі ел арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестікке тың серпін беретінін мәлім етті.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT