+7 (701) 759 90 19
USD 427.91 EUR 506.9
RUB 5.6 CNY 64.17
Jańalyqtar

Қазақстан Президенті  ҚХР Сыртқы істер министрін қабылдады

2020 жылғы 12 қыркүйек 20:30
Бөлісіңіз:
Қазақстан Президенті  ҚХР Сыртқы істер министрін қабылдады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Сыртқы істер министрі Ван Иді қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Заңды бұзған судьяға шараны қатаңдату керек - Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: Сот процесі түсінікті әрі ыңғайлы болуы қажет Судьялардың абырой-беделі мінсіз болуы тиіс - Қасым-Жомарт Тоқаев

Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен перспективаларын, халықаралық және өңірлік ұйымдар аясындағы ықпалдастықты, COVID-19 індетінің таралуын болдырмау жөніндегі іс-қимылдарды үйлестіру мәселелерін талқылады.

Қасым-Жомарт Тоқаев тығыз саяси диалогқа және өзара тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастыққа негізделген қазақ-қытай қатынастарының даму қарқыны мен достық байланыстарды жоғары бағалады.

Мемлекет басшысы экономиканың түрлі салаларындағы инвестициялық жобаларды, соның ішінде ауыл шаруашылығы бағытындағы жобаларды жүзеге асырудың маңызды екенін атап өтті. «Қазақстандық өнім өндірушілердің ауыл шаруашылығы бойынша Қытайға экспорттайтын өнімдерінің, атап айтқанда дәнді және майлы дақылдардың номенклатурасы үлкен».

Президент жан-жақты стратегиялық серіктестікке қосымша серпін беру мақсатымен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинді Қазақстанға сапармен келуге шақырғанын нақтылады.



Ван И өз кезегінде Қытай басшысының жылы лебізі мен ауызша сәлемдемесін жеткізді. Си Цзиньпиннің айтуынша: «Қазақстан - аймақтағы маңызды стратегиялық серіктес және Қытай екі ел халықтарының игілігі жолында өзара ынтымақтастықты жан-жақты нығайтуға әзір».

Қытай дипломаты «ҚХР басшылығы ҚР Президенті жариялаған Қазақстан қоғамының қажеттіліктерін ескере отырып, саяси және әлеуметтік-экономикалық жаңғыртуларға бағытталған реформаларды құптайды» деді.

Сонымен қатар Ван И ҚХР-дің екіжақты күн тәртібінің маңызды бөлігі болып табылатын Қазақстанмен сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуге зор көңіл бөлетінін атап өтті. Осы орайда Ван И Қазақстан делегациясын Қытайда өтетін ЭКСПО Халықаралық импорт көрмесіне қатысуға шақырды.

Әңгімелесу барысында тараптар халықаралық өзекті мәселелер бойынша, атап айтқанда коронавирус инфекциясына қарсы іс-қимыл саласындағы ынтымақтастық жөнінде де пікір алмасты. Мемлекет басшысы Қытай тарапына уақытылы көрсетілген гуманитарлық және медициналық көмек үшін алғыс білдіріп, пандемияға қарсы күресте бірлескен шара қолдануға әзір екенін айтты.

Кездесу соңында тараптар ұзақ мерзімді жан-жақты стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуға дайын екендерін білдірді.






Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT