Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 379.36 EUR 424.47
RUB 5.88 CNY 54.95
Jańalyqtar

Қасым-Жомарт Тоқаевтың виртуалды қабылдауы ашылады

2019 жылғы 20 сәуір 10:06 701
Бөлісіңіз:
Қасым-Жомарт Тоқаевтың виртуалды қабылдауы ашылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы күн сайын әртүрлі ақпарат көздерінен өте ауқымды хабарламалар алады. Одан басқа, Президент заманауи коммуникация құралдарына - интернет ресурстары мен әлеуметтік желілерге де ерекше көңіл бөледі, деп хабарлайды ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Фейсбуктегі парақшасында.

Ұқсас жаңалықтар
Қасым-Жомарт Тоқаев әскерилердің кредиторлық берешектері туралы сөз қозғады Мемлекет басшысы Кристин Лагардпен түскен суретін жариялады

Ақпараттар тасқыны күн сайын артып келеді. Президент маңызды оқиғалардың тамырын дер кезінде дөп басып отыруы керек. Ал мемлекеттік саясаттың басты басымдықтарының бірі - халықпен тиімді кері байланыс орнату, қоғаммен пікір алмасуды жолға қою.

Жуырда Қазақстан Президенті өңір басшыларымен болған жиында министрлер мен әкімдерді әлеуметтік желілерге тіркеліп, халықпен тікелей байланыста белсенді жұмыс істеуді тапсырған болатын.

Мемлекет басшысы ретінде Қасым-Жомарт Тоқаев өзі үлгі көрсетіп, твиттерде (@TokayevKZ) аккаунтын жүргізіп келеді, жақында ғана инстаграммда (tokayev_online) парақшасын ашты. Аталған әлеуметтік желі алаңдарында халық (яғни, әлеуметтік желі қолданушылары) өздерінің сұрақтарын қойып, пікірлерін, ұсыныстарын жазып жатыр.

Жазылған пікірлердің арасында жүйелі түрде жұмыс істеуді қажет ететін өте құнды және маңызды ақпараттар да бар. Сондықтан да, Мемлекет басшысы азаматтар ресми түрде сұрау сала алатындай заңдық күші бар Виртуалды қабылдау ашуды тапсырды. Азаматтардың осы Виртуалды қабылдауға жазған әр хаты тіркеледі, келіп түскен хаттарды Президенттің өзі және Әкімшілік қызметкерлері қарастырады.

Виртуалды қабылдау Мемлекет басшысына қоғамдағы өзекті әлеуметтік маңызды мәселелерді анықтап, оларды шұғыл шешуге көмектесетіні сөзсіз.

Виртуалды қабылдау Akorda.kz сайтында 2019 жылдың 22 сәуірінен бастап іске қосылады.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ербол Жанат

Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
MURAǴAT