Қазақстан Президенті Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевты қабылдады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевты қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысына ведомствоның қазіргі қызметі, сондай-ақ елімізде құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін қабылданып жатқан шаралар туралы есеп берілді.

Сонымен бірге, Ерлан Тұрғымбаев Қасым-Жомарт Тоқаевқа ішкі істер органдарын реформалау және министрліктің жеке құрамын кезектен тыс аттестациядан өткізуге әзірлік барысы жөнінде баяндады.

Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан Президенті бірқатар нақты тапсырма берді.

Соңғы жаңалықтар