Қазақстан Президенті ғалымдарға ИЫҰ-ның арнайы сыйлығын табыстады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Ислам ынтымақтастық ұйымының ғылым және технологиялар жөніндегі бірінші саммиті аясында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ғылым мен технологияларды дамытуға зор үлес қосқан ислам елдерінің ғалымдарына арнайы сыйлықтар табыстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Мен ғылым мен технологияларды дамытуға зор үлес қосқан ислам елдерінің ғалымдарына арнайы Қазақстанның сыйлығын тағайындауды ұсынған едім. Бұл бастамамды кейінге қалдырмау үшін біздің ел Ислам ынтымақтастық ұйымының бас хатшылығымен бірге ислам елдерінің үздік ғалымдарын іріктеп, оларды саммитке шақырдық. Енді сол сыйлықты тарту ету рәсімін бастауға рұқсат етіңіздер», - деді Елбасы.
Сонымен ғылым мен технологиялар саласының дамуына қосқан үлесі үшін Ислам ынтымақтастық ұйымының арнайы сыйлығы Ыстанбұл техникалық университеті химия факультетінің профессоры Юсуф Ягжыға полимерлер саласындағы ғылыми еңбегі үшін, Король Абдалла атындағы ғылым және технология университетінің профессоры Мухаммед Салим Алоуиниге электр техникасы саласында жасаған ғылыми еңбегі үшін, Гамбия медициналық зерттеу орталығының аға менеджері Ассан Жайеге вирус иммунологиясы және медицина мамандарын даярлау саласында жасаған ғылыми еңбегі үшін, 5-ші Мұхаммед атындағы университеттің профессоры Райя Чиркауи әл-Мурслиге ядролық физика саласында жасаған ғылыми еңбегі үшін, ҚР БҒМ Ғылым комитеті «Ұлттық биотехнология орталығы» РМК-ның бас директоры Ерлан Раманқұловқа биотехнологиялар саласында жасаған ғылыми еңбектері үшін берілді.
- ДДСҰ құс тұмауының адамға жұғу фактісін растады
- Қызылордада коронавирус инфекциясын анықтайтын 3 зертхана іске қосылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысын өткізді
- Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Таиип Ердоғанға құттықтау жеделхатын жолдады
-
Мемлекет басшысы Қазақстанның Италия мен Малайзиядағы елшілерін тағайындады
-
ДДСҰ: Әлемде коронавирустың таралу қарқыны бәсеңдеді
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам