+7 (701) 759 90 19
USD 447.67 EUR 491.36
RUB 5.74 CNY 63.07
Jańalyqtar

Қазақстан Президенті Елжан Біртановты қабылдады

2020 жылғы 25 ақпан 19:11
Бөлісіңіз:
Қазақстан Президенті Елжан Біртановты қабылдады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанның 6 өңірінде 17 адам коронавирус жұқтырды Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 145-ке жетті Түркістан облысында ашылған Call–орталыққа мыңға жуық тұрғын хабарласқан

Мемлекет басшысына министрліктің қазіргі жұмыстары мен отандық медицинаның дамуы жөнінде егжей-тегжейлі есеп берілді.

Елжан Біртанов Президентке елімізде коронавирустің таралуына жол бермеу үшін министрліктің қабылдаған шаралары туралы баяндады.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысына Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы жаңа кодекстің әзірлену барысы жайында мәлімет берілді.

Елжан Біртанов Қасым-Жомарт Тоқаевқа міндетті медициналық сақтандыру жүйесінің енгізілуі және ауруханаларды жаңғыртуға бағытталған жаңа мемлекеттік бағдарламаның іске асырылуы жөнінде айтты.

Президент халыққа көрсетілетін медициналық көмектің сапасы мен қол жетімділігін арттырудың аса маңызды екенін атап өтті және жұртшылықтың пікірін ескере отырып, Денсаулық туралы жаңа кодексті әзірлеу жұмыстарын жалғастыруды тапсырды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
REDAKTOR
Алтынбек Кумарзак
Алтынбек Кумарзак
954-059

MURAǴAT