+7 (701) 759 90 19
USD 445.84 EUR 490.47
RUB 5.73 CNY 62.87
Jańalyqtar

Қазақстан Президенті елорда әкіміне қандай тапсырмалар жүктеді

2020 жылғы 9 наурыз 17:43
Бөлісіңіз:
Қазақстан Президенті елорда әкіміне қандай тапсырмалар жүктеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа елорданың әлеуметтік-экономикалық мәселелерін баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Мемлекет басшысы: Карантин режимін қатаң сақтау – баршамызға ортақ міндет Коронавирус: ҚР Президенті елордада Шұғыл әрекет ету орталығына барды Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

Мемлекет басшысына елорданың әлеуметтік-экономикалық дамуы, Нұр-Сұлтан қаласын дамыту жөніндегі кеңесте берілген тапсырмалардың орындалу барысы баяндалды.

Алтай Көлгіновтің айтуынша, былтыр елордада 2500 үлескер қаржы құйып, даулы мәселеге айналған 10 үйдің құрылысы аяқталған. Биыл 20 үйді пайдалануға беріп, 7 мыңға жуық үлескердің проблемасын шешу жоспарланып отыр.

Президент үлескерлерге қатысты мәселені ерекше бақылауда ұстау, сондай-ақ, тұрғын үй алаптарын дамыту және абаттандыру, тиісті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету қажеттігін айтты.

Мемлекет басшысы қала тұрғындарын алаңдатқан әлеуметтік проблемаларды шешу, қолжетімді баспана құрылысының көлемін ұлғайту, кезекте тұрған әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға берілетін пәтерлердің санын көбейту, сонымен қатар, инвестиция тарту, шағын және орта бизнеске қолдау көрсету жайында нақты шаралар қабылдауды тапсырды.

Алтай Көлгінов атап өткендей, Қ.Тоқаев бұдан бөлек, әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыру мен жаңадан жұмыс орындарын ашуды жүктеді.

«Сонымен бірге қаладағы 16 елдімекенді дамыту, орта және шағын бизнеске, инвесторларға қолдау білдіру тапсырмалары берілді», - деді елорда әкімі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Алтынбек Кумарзак
Алтынбек Кумарзак
954-059

MURAǴAT