Қазақстан Президенті Экологиялық кодекске қол қойды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан Президенті Қазақстан Республикасының Экология кодексіне қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экология мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне экология мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Құжаттардың мәтіні баспасөзде жарияланады.


Соңғы жаңалықтар