+7 (701) 759 90 19
USD 388.96 EUR 432.21
RUB 6.09 CNY 54.99
Jańalyqtar

Қазақстан Президенті БҰҰ делегациясымен кездесті

2019 жылғы 16 мамыр 20:26
Бөлісіңіз:
Қазақстан Президенті БҰҰ делегациясымен кездесті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ делегациясымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Азия және Тынық мұхитына арналған экономикалық және әлеуметтік комиссияның Атқарушы хатшысы Армида Алисджабана бастаған БҰҰ делегациясымен кездесті.

- Сіздермен Нұр-Сұлтан қаласында кездескеніме қуаныштымын. Сіздердің БҰҰ атынан келіп, Астана экономикалық форумына қатысқандарыңыз жиынның табысты өтуіне септігін тигізеді. Ұйымыңыздың негізгі мақсат, міндеттерін жақсы білемін. Мен Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі қызметінде болған кезімде бірнеше жиынына қатысқан болатынмын. Қазақстан Ұйыммен ашық жан-жақты іс-қимылға дайын, кез келген шарасына қатысуға әзір, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Армида Алисджабана Қазақстан Президентіне Астана экономикалық форумына шақырғаны үшін БҰҰ делегациясының атынан алғыс білдіріп, Қазақстанның бастамаларына қолдау білдіретінін жеткізді.

Кездесуге БҰҰ Бас хатшысының көмекшісі, Еуропа және ТМД елдері бойынша БҰҰ даму бағдарламасының аймақтық бюро директоры М.Эггер, «БҰҰ - әйелдер» ұйымы атқарушы хатшысының орынбасары О.Регнер, БҰҰ-ның Қазақстан Республикасындағы тұрақты үйлестірушісі Н.Шимомура, Азия және Тынық мұхитына арналған экономикалық және әлеуметтік комиссияның Солтүстік және Орталық Азия елдері бойынша субаймақтық офис басшысының міндетін атқарушы Николай Помощников қатысты.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT