Қазақстан Президенті Бішкекте қуғын-сүргін құрбандарының монументіне гүлдестесін қойды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Бішкекте мемлекеттік сапармен келген Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбеков «Ата-Бейіт» ұлттық тарихи-мемориалдық кешеніне барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мемлекет басшылары қуғын-сүргін құрбандарының монументіне гүлдестесін қойды.

Осыдан кейін екі ел Президенттері әлемге әйгілі жазушы Шыңғыс Айтматовтың ескерткішіне барып, гүл қою рәсіміне қатысты.

Сонымен қатар Мемлекет басшылары қуғын-сүргін құрбандары мен Ш. Айтматовтың рухына арнап құран бағыштады.

Шыңғыс Айтматов 2008 жылы маусымның 10-ында Алманияның Нюрнберг қаласындағы ауруханада қайтыс болды. 14 маусымда Бішкек қаласының шетіндегі «Ата-Бейіт» тарихи-мемориалдық кешенінде жерленді.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік сапармен Қырғыз Республикасына келді.

Сапар аясында Қазақстан мен Қырғызстан Президенттерінің қатысуымен шағын құрамдағы келіссөздер болады. Одан кейін екі ел делегацияларының қатысуымен Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы Жоғары мемлекетаралық кеңесінің кезекті бесінші отырысы өтеді деп күтілуде.

Фото: www.president.kg

Соңғы жаңалықтар