Қазақстан Президенті Бас прокуратура алдына бірқатар міндеттер қойды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Кездесу барысында Мемлекет басшысына еліміздегі заңдылық пен құқық тәртібінің ахуалы жөнінде есеп берілді.

Бас прокурор Қазақстан Президентіне қылмыс деңгейінің төмендегенін және қылмыстық үдерістегі азаматтардың конституциялық құқығын қорғау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар мен қылмыстың жекелеген түрлеріне қарсы күрес туралы баяндады.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа электронды қылмыстық және әкімшілік іс жүргізуді енгізу, сондай-ақ, тексерулерді тағайындау үдерісін автоматтандыру барысы туралы мәлімделді.

Мемлекет басшысы қоғамның барлық саласында құқық үстемдігін қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастыру қажеттігін атап өтіп, азаматтардың құқығы прокурорлардың ерекше назарында болуы тиіс екенін айтты.

«Прокуратура органдары әлеуметтік және басқа да мемлекеттік бағдарламаларға бөлінген бюджет қаржысын жұмсау барысында заңның қатаң сақталуына қол жеткізуі қажет. Заңдылықтың бұзылуына мүлдем жол бермеу керек», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Соңында Қазақстан Президенті қадағалаушы органның алдына басқа да бірқатар міндеттер қойды.

Соңғы жаңалықтар