Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 378.38 EUR 431.05
RUB 6.02 CNY 55.00
Jańalyqtar

Қазақстан Президенті атына құттықтау хаттар мен жеделхаттар келіп түсуде

2019 жылғы 13 маусым 18:35 442
Бөлісіңіз:
Қазақстан Президенті атына құттықтау хаттар мен жеделхаттар келіп түсуде

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті болып сайлануына орай Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына құттықтау хаттар мен жеделхаттар келіп түсуде, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар
Мақсат Сқақов ҚР Президентінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды Қасым-Жомарт Тоқаев Душанбе қаласына барды

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш құттықтау хатында Қазақстанның көпжақтылық диалогты ілгерілету және БҰҰ құндылықтарын қорғау ісіндегі маңызды рөлін атап өткен.

«Сіздің көшбасшылығыңыз бен мол тәжірибеңіздің, соның ішінде Біріккен Ұлттар Ұйымындағы жұмысыңыздың арқасында Қазақстан халықаралық ынтымақтастық моделіне қызмет етуді жалғастыра беретініне күмәнім жоқ. Орталық Азия мен елдеріңізде жұмыс істейтін БҰҰ барлық бөлімшелері жетекшілерінің кеңесі үшін превентивті дипломатия жөніндегі БҰҰ өңірлік орталығы қызметінің аясында Сізбен тығыз жұмыс істеуді асыға күтемін, - делінген құттықтау хатта.

Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко Қасым-Жомарт Тоқаевты президент сайлауындағы жеңісімен құттықтап, жақын арада Қазақстанға ресми сапармен келуге ниетті екенін хабарлады.

«Өзара сенім мен стратегиялық әріптестік қағидаттарына негізделген қазақ-беларусь ынтымақтастығының дәйекті кеңеюі халықтарымыздың мүддесіне жауап береді», - делінген құттықтау хатта.

Украина Презмиденті Владимир Зеленский өзінің құттықтау хатында Қасым-Жомарт Тоқаевқа табыс, ал достас Қазақстан халқына бейбітшілік пен бақ-береке тіледі.

«Сайлаушылардың Сізге артқан сенімі Сіздің беделіңіздің жоғары және Қазақстан халқына қызмет етуге адал екеніңізді дәлелдейді. Күш-жігерімізді өзара біріктіре отырып, елдеріміз арасындағы конструктивті ынтымақтастықты нығайта аламыз. Киев пен Нұр-Сұлтан арасындағы қатынастарды дамытуға тың серпін беру үшін Сізді Украинаға сапармен келуге шақырамын», - делінген жеделхатта.

Ауғанстан Ислам Республикасының Президенті Мұхаммед Ашраф Ғани достық қарым-қатынастарды дамытып, ынтымақтастығымызды кеңейту үшін Ауғанстан мен Қазақстанның әлеуеті зор екенін атап өткен.

«Ауғанстан Үкіметі халықтарымыз арасындағы қарым-қатынастарды одан әрі нығайту үшін бар күш-жігерін жұмсауға әзір. Сізді өткен президент сайлауындағы жеңісіңізбен құттықтаймын және елдеріміздің ортақ мүдделері үшін табысты серіктестігіміз жалғаса беретініне сенім білдіремін», - делінген жеделхатта.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына өз құттықтауларын Оман сұлтаны Қабус бен Саид, Швеция королі Карл XVI Густав, Армения Президенті Армен Саркисян, Арменияның Премьер-Министрі Никол Пашинян, Парламентаралық Одақтың төрағасы Габриела Куэвас Баррон, Ресей Федерациясы Мемлекеттік Думасының төрағасы Вячеслав Володин, Италияның халықаралық ұйымдар ассоциациясының президенті Франко Фраттини жолдады.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
MURAǴAT