+7 (701) 759 90 19
USD 423.91 EUR 497.37
RUB 5.82 CNY 65.59
Jańalyqtar

Қазақстан Президенті Аризона университетінің делегациясын қабылдады

2021 жылғы 29 шілде 19:04
Бөлісіңіз:
Қазақстан Президенті Аризона университетінің делегациясын қабылдады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қасым-Жомарт Тоқаев Аризона университетінің (АҚШ) делегациясымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Мемлекет басшысының Оңтүстік Кореяға сапары жайлы жаңа деректі фильм шықты АҚШ бизнесі Қазақстанға инвестиция салуға мүдделі - CІМ ҚР Президентінің БҰҰ Азық-түлік жүйелері саммитінде сөйлеген сөзінің толық мәтіні

Кездесу барысында Аризона университеті мен отандық жоғары оқу орындары арасындағы стратегиялық серіктестік, ғылыми және академиялық даму мәселелері талқыланды.

Президенттің айтуынша, жаһандану үдерісінің әлем елдеріндегі білім беру саясатына тигізетін әсері артып келеді.

– Кейінгі жиырма жыл ішінде еліміз жоғары білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жандандырды. Қазақстан мен АҚШ арасындағы серіктестік қатынастар көптеген саланы қамтиды. Әсіресе, ғылыми зерттеу және студенттер мен оқытушылар алмасу салаларындағы ықпалдастық маңызды саналады, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев әлемнің жетекші жоғары оқу орындарымен байланыстардың кеңеюі отандық университеттердің академиялық және зерттеушілік әлеуетін арттыруға мүмкіндік беретінін айтты. Президент Аризона университетінің Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің стратегиялық серіктесі болу, сондай-ақ, білім беру сапасын бірлесе арттыру жөніндегі бастамасына қолдау білдірді.

Америкалық жоғары оқу орнымен ынтымақтастық аясында өңірлік университеттер базасында халықаралық стандарттарға сай бірлескен білім бағдарламалары әзірленеді.

Аризона университетінің өкілдері Қазақстанның бірқатар жоғары оқу орындарына барды. Соның ішінде М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті стратегиялық серіктес ретінде қарастырылып отыр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT