Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.34 EUR 427.25
RUB 5.88 CNY 54.57
Jańalyqtar

Қазақстан Президенті әкімдермен кеңес өткізді

2019 жылғы 15 шілде 19:20 271
Бөлісіңіз:
Қазақстан Президенті әкімдермен кеңес өткізді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада облыстардың және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдерімен кеңес өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
ҚР Президенті қоластындағылардың жемқорлығы үшін бірінші басшының отставкасын енгізудің маңыздылығын айтты Қасым-Жомарт Тоқаевтың  апталық  жұмысына видеошолу Тоқаев Қазақстанның Қарулы күштерін АрМи-2019 ойындардағы жетістігімен құттықтады

Қазақстан Президенті өз сөзінде өңірлердің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін шұғыл шешу үшін әкімдердің алдына бірқатар міндет қойды.

Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдер корпусына халықтың талаптарын жүйелеуді және оларды шешу үшін жан-жақты жұмыс жүргізуді, сондай-ақ, олардың қажеттілігі өңірдің әлеуметтік жол картасында көрініс табуы керек екенін тапсырды.

Мемлекет басшысының пікірінше, өңірлік билік облыстар мен қалалардағы тұрақтылық үшін жауапкершілікті өздеріне алуы тиіс.

Сонымен қатар, Қазақстан Президенті алдағы астық жинау науқанына дайындық жұмыстарын жүргізуді, дала мен орман өрттерін ескерту және оның алдын алу шараларын қабылдауды, сондай-ақ жылу беру маусымына әзірлік жүргізуді, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарының тоқтаусыз жұмыс істеуін қамтамасыз етуді тапсырды.



Соңында Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі қойылған барлық міндеттің іске асырылуын бақылауды Президент Әкімшілігіне жүктеді.

Жиыннан кейін Мемлекет басшысы облыстың және республикалық маңызы бар қалалардың әкімдерін қабылдады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT