Қазақстан Премьер-Лигасы: «Тобыл» мен «Астана» тең тарқасты
2017 жылғы 1 қазан 18:58

Қазақстан Премьер-Лигасы: «Тобыл» мен «Астана» тең тарқасты

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Футболдан Қазақстан чемпионатының 29-турында Қостанайдың "Тобылы" елордалық "Астананың" қабылдады. Ойын 1:1 есебімен аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

null

Қос команда ойынды жылдам қарқында бастады. Тіпті, екінші минутта "Астана" шабуылшысы Роман Муртазаев соққылар статистикасын ашты. Оның бағыттаған соққысын "Тобыл" қақпашысы қайтарып жіберді. Іле-шала орындалған бұрыштама добына қостанайлық қорғаушылар тойтарыс берді. Отызыншы минут шамасында тобылдықтар таблодағы есепке өзгеріс әкелді. Айып алаңына асырылған бұрыштама добынан соң доп Жасұлан Молдақараевтың алдына дөп түсті. Ал шабуылшы жақын тұстан қателескен жоқ. 1:0!

Астаналықтар бірден жауап қайырды. Еурокубоктарда атой салып жүрген Дмитрий Шомко шеберлігінің арқасында А.Жулпа мен М.Гурманды алдап өтіп, алыс бұрышқа тепті. Қақпашы Д.Непогодов допты қайтара алмады. Есеп теңесті.

null

Екінші тайм басында астаналық қорғаушылардың қателігін пайдаланып кеткен Дидар Жалмұқан есепті еселер еді. Дегенмен, ұрымтал тұсқа шыққан оны Дмитрий Шомко шалып жықты. Артынша бас төреші оған "сары қағаз" көрсетті. Жарақат алып қалған Д.Шомко орнын И.Маевскийге босатты. Осылайша, "Астана" бапкері алаңның орта шебіне тағы бір ойыншы қосты.

Кезекті шабуылдардың бірінде Г.Сартаков бірінші голдың авторы Ж.Молдақараевқа пас берді. Бұл жолы елордалық қорғаушылар шабуылға тосқауыл бола алды.

null

"Тобыл" сапына Эгон Вух қосылды. Ол Д.Жалмұқанды ауыстырды. Тың ойыншы Э.Вух орта тұстан доп қабылдап, қақпашымен жеке дара шықты. Алайда, жартылай қорғаушы өзінде бар мүмкіндікті пайдалана алмады. Оның тепкен добы қақпа бағанынан қиыс кетті. Төреші қосқан уақытта айтарлықтай өзгеріс болған жоқ. Осылайша, қос команда тең тарқасты.

null

Jańalyqtar

MURAǴAT