Қазақстан Португалияда футзалдан өткен турнирді жеңіп алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Футзалдан Қазақстан чемпионы алматылық «Қайрат» командасы Портиманда (Португалия) өткен Record International Masters Cup халықаралық турнирінің шешуші матчында португалиялық «Браго» командасына қарсы ойнады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

«Қайрат» «Браганы» ойын соңында салынған Денер Родригоның голының арқасында жеңді.

Осылайша, алматылық клуб топтық кезең форматында өткен турнирдің жеңімпазы атанды.

Оған дейін «Қайрат» осы турнирде тағы екі португалиялық командамен ойнап, онда да жеңіске жетті. Алдымен алматылықтар лиссабондық «Спортингпен» ойнап, оларды 6:3 есебімен жеңді. Голды «Қайрат» командасынан Эдсон (2), Кайо Руис, Дәурен Тұрсағұлов, Денер мен Алиссон салды.

Бұдан соң алматылықтар тағы бір лиссабондық «Бенфика» командасына қарсы шықты. Бұл ойында да «Қайрат» 5:2 есебімен сенімді түрде жеңіске жетті. Голды Кайо Руис (2), Денер (2) және Алекс Виана салды.


Соңғы жаңалықтар