Қазақстан полициясы күні аудандық және қалалық ІІБ су жаңа автокөліктермен толықты - Ақмола облысы

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетаудағы Абылайхан алаңында Қазақстан полициясының құрылғанына 22 жыл толуына арналған салтанатты шара өтіп, онда өңірде тұрақтылық пен қоғамдық тәртіпті сақтауда зор үлес қосып жүрген полицейлердің еңбегі еленіп, олардың бір тобына марапаттар тапсырылса, аудандық және қалалық ІІБ су жаңа автокөліктермен толықты.

Қазақстан полициясының құрылу тарихы мен құқық қорғаушылардың 22 жыл ішіндегі қажырлы еңбектері сөз етілген салтанатты шараға қатысқан облыс әкімінің бірінші орынбасары Рәшит Әкімов, облыстық ішкі істер департаментінің басшысы, полиция генерал-майоры Жайлаубек Халықұлы жиналғандарды саналы ғұмырларын құқық қорғау саласына арнаған ардагерлерді, бүгінде ішкі істер органдарында абыройлы қызмет етіп жүрген әріптестерін кәсіби мерекелерімен құттықтай келе, ішкі істер органдарындағы абыройлы қызметі үшін бірқатар полицейлерге облыс әкімінің Алғыс хаттарымен және құрмет грамоталарымен марапаттады, сондай-ақ, аудандық және қалалық ІІБ-ге 30-ға жуық су жаңа қызметтік автокөліктердің кілтін салтанатты түрде табыс етті.

Салтанатты шара барысында полицейлер сап түзеп, облыстық және қалалық мекеме, ведомство басшылары бір-бір ауыз сөз алып, сахнадан жылы лебіздерін төкті.

Соңғы жаңалықтар