Қазақстан полициясы күні: Астанада қызметтегі үздік тәртіп сақшылары марапатталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордадағы «Астана» концерт залында Қазақстан полициясы күні мен Мемлекеттік қызметкерлер күні аясында ауқымды іс-шара ұйымдастырылып, елорданың үздік құқық қорғаушылары марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мерекелік іс-шара Қазақстан Республикасының Әнұранымен басталып, артынша Астана қаласы Ішкі істер департаментінің бастығы - генерал-майор Марат Қожаев тәртіп сақшыларын мерекелерімен құттықтады.

«Баршаларыңызды Қазақстан полициясы күнімен шын жүректен құттықтаймын. Бүгін де Қазқастан полициясы қылмыспен күресті үздіксіз жүргізіп келеді. Азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғап, қоғамдық тәртіпті қадағалап жүргендердің алдыңғы қатары - сіздерсіздер. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында: «Зор өкілеттілік пен құқықты иеленген шенділер мінсіз мінез-құлқымен және жоғарғы кәсібилігімен ерекшеленуі керек» деп атап өткен болатын. Сондықтан, маңызды мемлекеттік міндеттердің шешімін табу үшін барлық полиция қызметкерлерінің қызметтік және жеке қасиеттері мінсіз болуы керек. Кәсіби мерекеміздің қарсаңында барлық ішкі істер органдарының ардагерлері мен елордалық тәртіп сақшыларына мықты денсаулық, отбасыларына амандық тілеймін», - дейді Марат Қожаев.
null

Өз кезегінде ІІД ардагерлер одағының төрағасы Қаршыға Кішкентаев та полиция қызметкерлерін құттықтап, қызметтеріне табыс тіледі. Шара барысында ҚР Ішкі істер министрі мен қалалық ІІБ басшысының бұйрықтарымен ерен еңбектерімен көзге түскен қызметкерлер марапатталды. Нақтырақ айтқанда, министрдің бұйрығымен 30 полицей «қоғамдық тәртіпті қорғағаны үшін» медаліне ие болса, 4 қызметкер ІІБ үздігі атағына ие болды. Тағы 4 тәртіп сақшысына мерзімінен бұрын шен тапсырылды. Сонымен қатар, қалалық ІІД басшысының бұйрығымен 170-ке тарта құқық қорғаушы марапатқа ие болып отыр. Оның ішінде 50 медаль ІІД ардагерлеріне табысталса, тәртіп сақшыларының ішінде «Қазақстан полициясына 25 жыл» және «Астана ІІД-ге 20 жыл» медальдарына ие болғандар бар. Марапатқа ие болған құқық қорғаушыларға бағалы сыйлықтар мен сағаттар, алғыс хаттар тапсырылды.

Марапаттан кейін тәртіп сақшылары арнайы дайындалған концерттік бағдарламаны тамашалады.

Айта кетсек, Қазақстан полициясы күні елімізде жыл сайын 23 маусымда аталып өтеді. Қазақстан полициясы күні - осы жауапты қызметті жолға қоюдың басы-қасында болғандарға, ардагерлерге және бүгінде осы қатарда еңбек етіп жүргендерге ризашылық пен алғыс сезімдерін білдіру күні. Сонымен қатар бұл күн бейбіт уақытта қазақстандықтардың тыныштығы мен қауіпсіздігі үшін өз өмірлерін құрбан еткендерге құрмет көрсету күні болып та саналады.

nullnullnullnullnullnullnullnullnullnull

Соңғы жаңалықтар