Қазақстан полицейлері бейнежетондармен жарақтандырылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандағы полиция қызметкерлері бейнежетондармен қамтамасыз етіледі. Бұл туралы бүгін Астанадағы баспасөз мәслихатында ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің басқарма басшысы Қанат Сәдуақасов мәлім етті.

«Бізде жаңа ереже бойынша жол қозғалысына барлық қатысушылармен қарым-қатынас бейнетіркеуіштермен немесе бейнежетондармен тіркеледі. Сонымен бірге біздің нормативтік-құқықтық актілерде осы құрылғылармен жабдықталғаннан тыс орындарда полицейлерге қызметін атқаруға тыйым салынады», - деді басқарма басшысы. Осы орайда ол бейнежазбалар сотта да пайдаланылатынын жеткізді. «Құқықбұзушылық орын алған жағдайда Ішкі істер министрлігіне шағымдана аласыздар. Бұл тұрғыда аталған бейнетіркеуіштердің мәліметтеріне сүйенуге болады. Яғни, осы бағытта барлық мәліметтердің ашықтығы қамтамасыз етілген», - деді ол. Сөз соңында Қ.Сәдуақасов инспектор көлік құралын себепсіз тоқтатқан жағдайда тиісті жазасын алатындығын қадап айтты.

Соңғы жаңалықтар