Қазақстан Pfizer вакцинасын тағы сатып алады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан Pfizer вакцинасының тағы 300 мың дозасын сатып алады. Бұл туралы ДСМ Дәрі-дәрмек саясаты департаментінің директоры Бауыржан Жүсіпов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі уақытта Pfizer вакцинасының қосымша көлемін сатып алуға қатысты белсенді түрде келіссөз жүргізіп жатырмыз. Сөз шамамен 300 мың доза қосымша көлем жайында болып отыр. Бірақ, бұл вакцина халықтың мақсатты тобы үшін сатып алынатындығын қаперде ұстаған жөн. Яғни, ол 20 жасқа дейінгі балаларға арналған. Бұған қоса тәуекел санатына кіретін адамдар бар. Сонымен қатар отандық вакцина да сатып аламыз», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Департамент директоры астанаға отандық QazVac вакцинасы қосымша сатып алынатындығын айтты.

«Бірақ, қай уақытта жеткізілетіндігін айта алмаймын. Қажет болған жағдайда бұл вакцинаның қалған дозасы әлі де бар», - деді Бауыржан Жүсіпов.

Ашық көздерден алынған фото



Соңғы жаңалықтар