Қазақстан Pfizer вакцинасын қосымша сатып алады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Осы айдың соңына дейін Спутник Лайт вакцинасының 150 мың дозасы жеткізіледі. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Халықтың барлық топтары вакцинацияның бастапқы курсы аяқталғаннан кейін 6 ай өткен соң ревакцинацияға жататынын тағы да еске салғым келеді. Бірінші жартыжылдықта 8 млн-ға жуық адам қайта вакцинациялауға жатады», - деді Ажар Ғиният.

Оның атап өтуінше, қазіргі уақытта халықтың барлық топтарын ревакцинациялау вакцинаның Синофарм және Казвак деген екі түрімен жүргізілуде. 60 жастан асқан адамдар, жүкті әйелдер мен медицина қызметкерлері үшін Pfizer Комирнати вакцинасы қолданылады.

«Министрлік ревакцинациялау үшін Казвак, Синофарм және (Pfizer) Комирнати вакциналарын қосымша сатып алуды жоспарлап отыр. Сондай-ақ қаңтар айының соңына дейін «Спутник Лайт» вакцинасының 150 мың дозасы жеткізілетін болады», - деді министр.


Соңғы жаңалықтар