Қазақстан Парсы шығанағы және Тынық мұхиты жағалауларында қойма салуға ниетті

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанада өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Парсы шығанағы және Тынық мұхит жағалауларында қойма құрылысын жүргізу жолдарын қарастыруды тапсырды, деп жазады Әзербайжан ақпарат агенттігі Trend.az.

«Біз Иран мемлекеті арқылы оңтүстікке шығатын жолдың құрылысын аяқтағалы жатырмыз. Сол себепті, Қытай басшылығымен Ляньюньган порты бойынша, Парсы шығанағы және Тынық мұхит жағалауларында бос қоймалардың құрылысын жүргізу мүмкіндіктерін қазірден бастап қарастыруымыз керек», - деді мемлекет басшысы.

Осыған дейін хабарланғандай, 2014 жылы Ляньюньган порты арқылы Оңтүстік-шығыс Азиямен қос бағытта экспорттық және транзиттік жүктасымалдау кешендік жобасын жүзеге асыру үшін аталған портта қазақ-қытай терминалының негізгі бөлігін ашу жоспарланған болатын. Алдағы 2015 жылы экспорттық және транзиттік жүктасымалының көлемі артады деп күтілуде.

Қазақстан-Түркіменстан-Иран темір жолы - «Солтүстік-Оңтүстік» халықаралық дәлізінің бір бөлшегі. Аталған темір жол Қазақстанды байланыстыратын, Ресейдің орталық бөлігін Түркіменстанмен, Иран, Парсы шығанағы, Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне қосымша бағыттар ашуға мүмкіндік береді. Бұл жоба транзиттік және жолаушылар ағынын арттырып, тасымал шығынының көлемін азайтады, сондай-ақ, аталған өңірлер экономикасының дамуына серпіліс әкеледі, делінген мақалада.

Соңғы жаңалықтар