Қазақстан Парламентінің депутаттары Түркияда өткен парламенттік сайлаудың байқаушылары болды

None
None
ЫСТАМБҰЛ. 16 маусым. ҚазАқпарат /Ирина Дынникова/- Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжіліс және Сенат депутаттары Ұзаққали Елеубаев, Жұмағали Төрегелдинов және Ерболат Мұқаев Түркітілдес мемлекеттер парламенттік ассамблеясы (ТҮРКПА) мен ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының атынан Түркияда өткен парламенттік сайлауды байқаушылар ретінде Анкарада болды.

Сайлау болған күні қазақстандық парламентарийлер Анкара қаласының сайлау учаскелеріне барды, дауыс беру үдерісімен танысты, басқа халықаралық ұйымдардың байқаушыларымен, елдің саяси партияларының өкілдерімен және түрік сайлаушыларымен кездесті.

Депутаттар Түркия Конституциялық сотының төрағасы Х.Кылычпен, Түркия сыртқы істер министрінің орынбасары Ф.Жейланмен, Түркия Республикасы Парламенті аппаратының басшысы А.О.Коджоймен, Анкара қаласының «Кечиорен» ауданының мэрі М.Акпен кездесулер өткізді, Түркия Республикасының негізін қалаушы М.К.Ататүріктің кесенесінде және Түркиядағы аса ірілердің бірі - Анкара қаласының Ұйымдастырылған өнеркәсіп аймағының (ҰӨА) өндірістік объектілерінде болды.

Соңғы жаңалықтар