Қазақстан Парламенті Мәжілісіне сайлау: Сан-Францискода дауыс беру аяқталды

None
Фото: t.me/pressmfakz
АСТАНА. ҚазАқпарат – Калифорнияның Сан-Франциско қаласында Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне депутаттарды сайлау аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Сан-Францискодағы шетелдегі соңғы сайлау учаскесі өз жұмысын аяқтады. Сайлаушылардың келуі 74% құрады», - деп мәлім етті бірер минут бұрын ҚР Сыртқы істер министрлігінен.

Еске салайық, кеше 19 наурызда Қазақстанда Мәжіліс және мәслихаттар депутаттарын сайлау өтті. Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше электораттың 54,19% дауыс беруге келді.

«Еуразиялық интеграция институты» ЖШС жүргізген Еxit poll нәтижесі мынадай: Amanat партиясы – 53,46%, «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясы – 10,52%, Respublica партиясы – 8,9%,4, Қазақстан халық партиясы –6,25%, «Байтақ» жасылдар партиясы – 3,22%, «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы – 7, 87%, Жалпыұлттық социал-демократиялық партия – 5,31%. Қалған 4,47% респондент «бәріне қарсымын» бағанын таңдаған.

«Демократия институты» ғылыми-зерттеу ассоциациясы қоғамдық бірлестігі ұсынған Еxit poll нәтижесі: Amanat партиясы – 53,33%, «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясы – 11,26%, Respublica партиясы – 8,33%, Қазақстан халық партиясы – 6,93%, «Байтақ» жасылдар партиясы – 2,51%, «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы – 8,87%, Жалпыұлттық социал-демократиялық партия – 5,12%. Бірлестік мәліметінше, сайлаушылардың 54,83 пайызы дауыс беруге келген және оның 3,65 пайызы «Бәріне қарсымын» бағанасын таңдаған.

«СОЦИС-А» кешенді әлеуметітк зерттеулер институты жүргізген Еxit poll нәтижесі: Amanat партиясы – 54,42%%, «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясы – 10,21%, Respublica партиясы – 8,79%, Қазақстан халық партиясы – 6,89%, «Байтақ» жасылдар партиясы – 2,17%, «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы – 8,21%, Жалпыұлттық социал-демократиялық партия – 4,91%, «Бәріне қарсымын» - бағаны - 4,4%. Сауалнамаға 312 мың сайлаушы қатысты.



Соңғы жаңалықтар