USD 435.1 EUR 493.27
RUB 5.69 CNY 68.63
Jańalyqtar

Қазақстан Париждегі ядролық «бестік» бойынша коммюнике қатысты мәлімдеме жасады

2021 жылғы 6 желтоқсан 19:11
Бөлісіңіз:
Қазақстан Париждегі ядролық «бестік» бойынша коммюнике қатысты мәлімдеме жасады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Сыртқы істер министрлігінің Париждегі ядролық «бестік» конференциясының қорытындысы бойынша бірлескен коммюнике қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Жезқазғанда ауа сапасы нашарлайды Астаналық архитектор LRT-ның орнына жерүсті саябақ тұрғызуды ұсынды Экология мәселелеріне арналған жол карталарының нәтижесі қандай

Қазақстан Республикасы Ядролық қаруды таратпау туралы шарттың (ЯҚТШ) 10-шы Шолу конференциясы қарсаңында 2021 жылғы 2-3 желтоқсанда Парижде өткен ЯҚТШ бойынша бес ядролық мемлекеттер конференциясының қорытындыларын құптайды.

Қазақстан ядролық қарусыздану мен ядролық қаруды таратпаудың жаһандық режимін нығайтудың дәйекті жақтаушысы бола отырып, ЯҚТШ-ты әмбебаптандыруды және оның ережелерін барлық қатысушы мемлекеттердің мүлтіксіз орындауын қолдайды, Шолу конференциясын нәтижелі өткізу мақсатында ашық, инклюзивті және транспарентті диалогты қамтамасыз ету қажеттілігін ұстанады.

ЯҚТШ шеңберіндегі ядролық мемлекеттердің ерекше мәртебесі мен жауапкершілігін назарға ала отырып, ядролық «бестік» Париж кездесуінің қорытындыларын жоғары бағалаймыз. Атап айтқанда, тараптардың өздерінің ядролық доктриналарындағы және ядролық саясатындағы жаңартулар туралы ақпараттың алмасуын қоса алғанда ядролық қақтығыстар қаупін азайту жөніндегі шараларды, ядролық мемлекеттердің ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарттың (ЯСЖТСШ) күшіне ену маңыздылығын талқылауын, сондай-ақ конференция қатысушыларының ешбіреудің қауіпсіздігіне зиян келтірмей ядролық қарудан азат аймақ құру жөніндегі түпкі мақсатты қолдауын растағанын оң бағалаймыз.

Қазақстан ядролық қарудан азат аймақтардың мақсаттарына бейілділігіне қосылады және Орталық Азияда ядролық қарудан азат аймақ туралы шартқа Теріс кепілдіктері туралы хаттаманы ратификациялау процесін тез арада аяқтау қажеттілігін еске салады.

Қазақстан әлемдік қоғамдастықты еліміз бастамашылық еткен ЯҚТШ-тың VI бабын жүзеге асыруға бағытталған Ядролық қарудан азат әлем құру туралы жалпыға ортақ декларацияның ережелерін қолдауға шақырады. Біз бұл құжатты қауіпсіз болашақтың жол картасы ретінде қарастырамыз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT