«Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС серіктестік туралы үшжақты келісімге келді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазіргі заманғы бронды дөңгелекті машиналарды өндіретін Орталық Азиядағы ірі кәсіпорындардың бірі - «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС басшылығы ресейлік «Буревестник» ОҒЗИ-мен және «БҚКК» АҚ-мен үшжақты меморандумға қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тараптар 30-мм қашықтықтан басқарылатын жауынгерлік модульді бірлесе жасау мен өндіру туралы келісімге келді. Аталған жауынгерлік модульдерді «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС шығаратын бронды дөңгелекті машиналарға орнату көзделіп отыр. Модульдерді жасау жұмысы биылдан басталып кетпек.

Белгілі болып отырғандай, «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС мен «Буревестник» Орталық ғылыми-зерттеу институты елордада өткен «KADEX» көрмесінде «АУ-220M» модулінде автоматты зеңбірегі (пушкасы) 57-мм болатын «Барыс 8х8» БТР-ін таныстырған. Сонымен бірге, «Батыс Қазақстан көлікқұрау компаниясы» АҚ екі жылдан астам уақыт «Арлан» бронды машинасы үшін 12-мм-лік зеңбіректерді жасап келеді.

Соңғы жаңалықтар