+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Қазақстан пандемия кезінде сұранысқа ие болған караванинг-туризм саласын дамытпақ

2020 жылғы 28 шілде 18:40
Бөлісіңіз:
Қазақстан пандемия кезінде сұранысқа ие болған караванинг-туризм саласын дамытпақ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ төрағасы Ержан Еркінбаев осы жылдың қыркүйек айында эпидемиологиялық ахуал тұрақталған жағдайда елде караванинг-экспедицияны ұйымдастырылатынын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда туристер арасында жарақат алу жағдайлары көбейіп барады Жамбыл облысының Көксай шатқалында этноауыл салынып жатыр Қазақстан мен Әзербайжан медициналық туризм саласындағы ынтымақтастықты нығайтты

«Індет тарағалы бері демалудың әлеуметтік қашықтық сақталатын түрі ретінде караванинг-туризм зор сұранысқа ие болып келеді. Мәселен Қытай мен Ресейде автоүйлер мен мотоциклдерге деген сұраныс кезегінде 10 миллиондаған адам тұр. Ал Еуропада 6 миллионға жуық автокеруен бар. Осы жылдың қыркүйек айында эпидемиологиялық ахуал тұрақталған жағдайда біз караванинг-экспедицияны ұйымдастырғалы отырмыз. Оның мақсаты – кемпинг, караваниг пен автотуризмді дамыту үшін Жібек жолы бойы бағдарын қалыптастыру», - деді Ержан Еркінбаев ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, Батыс Еуропа – Батыс Қытай караванинг-экспедицияның бағдары ретінде таңдалып алынған. Экспедиция Алматы облысынан басталып, Түркістан облысында аяқталады.

Еске сала кетсек, бұған дейін ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рысбеков Алакөл мен Бурабайға демалуға баратын отбасының кем дегенде бір мүшесінде ПТР-тест анықтамасы болуы керектігін еске салған еді.

Оның айтуынша, Қазақстандағы барлық курорттық орындарда осы жылдың жазғы туристік маусымының соңына дейін бос орындар қалмаған.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT