Қазақстан өзін фосфор тыңайтқыштарымен толық қамтамасыз етеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық химиялық өнеркәсіп компаниялары 2017 жылғы қаңтар-маусымда еліміздің агроөнеркәсіп кешені кәсіпорындарының фосфорлық тыңайтқыштарға деген ішкі сұранысын 100 %-ға, ал азоттық тыңайтқыштарға деген сұранысын 57,2 %-ға қамтамасыз етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА energyprom.kz-ке сілтеме жасап.

Берілген ақпаратқа сәйкес, үстіміздегі жылдың қаңтар-тамызында ҚР химөнеркәсіп компаниялары 102,3 мың тонна фосфорлық тыңайтқыштар өндірген (бл былтырғымен салыстырғанда 72,2 %-ға көп), ал азоттық тыңайтқыштарды 262,1 мың тоннаға жеткізген (+6,2 %). Фосфорлық тыңайтқыштар өндірісі дерлік толығымен Жамбыл облысының үлесіне тура келеді. Жамбылдықтар жалпы қазақстандық өнімнің 91,8 %-ын құрайтын 93,9 мың тонна тыңайтқыш өндірген (+86,2 %).

Азоттық тыңайтқыштар негізінен Маңғыстау облысында өндіріледі - 239,7 мың тонна (+2,4%) немесе республикалық бүкіл азоттың 91,5 %-ы. Еліміздегі фосфор және азоттық тыңайтқыштар өндірісінің көпжылдық динамикасында тұрақты өсу байқалып отыр. Атап айтқанда, 2015 жылмен салыстырғанда 2016 жылы азоттық тыңайтқыштар өндірісі  12,1 %-ға (348,5 мың тоннаға дейін), фосфорлық тыңайтқыштар өндірісі 1,8 %-ға (94,9 мың тоннаға дейін) артқан.

Соңғы жаңалықтар