Қазақстан өзгелердің тәжірибесіне сүйеніп қана отырған ел емес - Марат Тәжин

None
None
ың 25-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Қазақстан қолайлы географиялық  жағдайына байланысты Батыс пен Шығыс арасындағы қалыптасқан жағдайларды сыннан өткізетін алаң іспеттес.

 
Осыған орай біз көбіне қалыптасқан жағдай бойынша өзгелердің тәжірибелерін қаз-қалпында көшіріп алмай, мүмкіндігінше оның балама көздерін қарастырып, Қазақстанның өзінің ерекше аймақтық құрылымын қалыптастыру мақсатын көздеп отырмыз. Сыртқы істер министрі Марат Тәжин бүгін Астанада өтіп жатқан Еуро-Атлантикалық әріптестік кеңесінің III Қауіпсіздік форумының жалпы отырысында сөйлеген сөзінде мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Осы бағытта министр  Қазақстанның басты деген екі бағытты ұстанып отырғандығын атап өтті. Оның сөзінше,    «Еуропаға жол» ұлттық бағдарламасы Еуропаның ең құнды деген тәжірибелерін жинақтау болып табылады. «Соңғы мыңжылдықтарда еуропалық ұлттар күрделі де күрмеуі көп жолдардан өтіп, бүгінде оның білімі мен ықпалдастық шараларына қатысты жетістіктері өзгелерге үлгі болып отыр. Бұл ретте әңгіме тек азаматтық қоғамға қатысты ғана емес, энергетикалық, технологиялық және экологиялық мәселелерге де қатысты айтылып отыр», - деді М.Тәжин.

 Оның пікірінше, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары Қазақстанның Азиядағы сыртқы саясатының маңыздылығын көрсететін бастама. Бірлескен қимылдарды жетілдіріп,  өзгелердің өзіне деген сенімін нығайту үшін Азияға жаңа өзгерістерге дайын болғаны жөн. «Егер осы айтылғанның барлығы орындалатын болса, азиялық ұлттар үздіксіз жүріп жатқан келеңсіздіктерді мүлдем тыятын болады. Біз көздеп отырған ықпалдастықтың  жаңа түрлері мен үлгілері тұрақтылық пен қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған», - деді министр.

Соңғы жаңалықтар