Қазақстан Өзбекстанға 10 мың тонна битум экспорттады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан Өзбекстан Республикасына битум экспорттай бастады. Бұл туралы ҚазАқпарат «ҚазМұнайГазға» сілтеме жасап хабарлайды.

Қараша айындағы экспорттың көлемі 10 000 тоннаны құрады.

Еске сала кетейік, жол битумының алғашқы экспорты Өзбекстанға 2017 жылы 650 тонна көлемінде жөнелтілген болатын.

Енді ішкі нарықтың сұранысы толығымен өтелгеннен кейін, зауыттан өнімді экспортқа шығару тұрақты негізде жүргізілуде. Бұрын кәсіпорын қысқы уақытқа жұмысын тоқтататын болса, қазір өнімге деген шетелдегі жоғары сұранысқа байланысты зауыт жыл бойына үздіксіз жұмыс істейді. Бұл битумның жоғары қосылған құнын ескергенде, кәсіпорын кірісіне едәуір ықпал етеді.

Соңғы жаңалықтар