Қазақстан-Өзбекстан шекарасындағы өткізу пункті уақытша жабық

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы «Даут-ата» - «Тәжен» өткізу пунктінде адамдарды, көлік құралдары мен жүктерді өткізу уақытша тоқтатылды. Бұл туралы ҚР ҰҚК баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«1 шілдеден бастап өзбек әріптестерден келіп түскен ақпаратқа сәйкес, ақпараттық жүйенің істен шығуына байланысты Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы «Даут-ата» - «Тәжен» (автомобильдік) өткізу пунктінде адамдарды, көлік құралдары мен жүктерді өткізу уақытша тоқтатылды. Осы ақпарат бойынша «Қарақалпақия» – «Бейнеу» бағытында теміржол қатынасы тоқтатыла тұруы мүмкін. Осыған байланысты аталған өткізу пунктері арқылы мемлекеттік шекарадан өтетін азаматтар өз маршруттарын алдын ала жоспарлауын сұраймыз. Өзбек тарапы өткізу пунктерінің жұмысын қайта бастағаны туралы қосымша хабарлайтын боламыз», - делінген ҰҚК баспасөз мәлімдемесінде.


Соңғы жаңалықтар