Қазақстан-Өзбекстан шекарасындағы «Қазығұрт» өткізу пункті бір тәулікке жабылады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстан-Өзбекстан шекарасындағы «Қазығұрт» өткізу пункті 6 қазан күні бір тәулікке жабылады. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметімен бірлесіп, 6 қазан сағат 9:00-ден 7 қазан сағат 9:00-ге дейін «Қазығұрт» өткізу пункті (Қазақстан) және «С. Наджимов» (Өзбекстан) шектес өткізу пункті «Узтрансгаз» АҚ-ның екі мемлекеттің өткізу пунктері арасында өтетін газ құбырларында су сынау жұмыстарын жүргізуіне байланысты азаматтар мен автокөлік құралдары үшін жабық болатынын хабарлайды.

Қазақстан-Өзбекстан шекарасындағы басқа өткізу пунктері штаттық режимде жұмысын жалғастырады.

Тасымалдаушылардан және шекарадан өтуге ниет білдіргендердің барлығынан енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз», - делінген Комитет хабарламасында.


Соңғы жаңалықтар