Қазақстан-Өзбекстан бизнес форумында 8 құжатқа қол қойылды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында өткен Қазақстан-Өзбекстан бизнес форумында 62 млн АҚШ долларынан астам сомадағы 8 құжатқа қол қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атап айтқанда, облыс әкімдігі өзбекстандық «Alliance textile» кәсіпорнымен Оңтүстіктегі тоқыма өнеркәсібіне инвестиция салу бойынша келісімге келсе, «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағындағы тоқыма кәсіпорындарын оңалту үшін меморандум түзілді. Яғни, көрші елдің «Казтехинпекс» ЖШС-мен, сонымен бірге медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндіруге арналған зауыт құрылысын салу бойынша облыс әкімдігі мен өзбекстандық «Дентафиль плюс» компаниясы арасында келісімшарттар жасалды.

Бұдан бөлек, облыс орталығында  барша  жасыл технология саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша Шымкент қаласы әкімдігі мен «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арасында серіктестік туралы келісімге қол қойды. Екі елдің 8 кәсіпкерлері арасында экспортқа арналған өнімдерді жеткізу туралы шарттар жасалды.

Айта кетейік, кеше Оңтүстік Қазақстан облысында іскерлік қарым-қатынасты дамыту мақсатында Қазақстан-Өзбекстан бизнес-форумы өткен болатын. Форум барысында алғаш рет іскерлік кеңестің бірінші кездесуі болып өтті.  Тараптар бірлескен бизнес жобалар мен инвестициялық ұсыныстар жайында ынтымақтастықты дамытуды сөз етіп, экспорт пен импорт бойынша үшінші елдерге кіру жайын талқылады.
nullnull

null

Соңғы жаңалықтар