Қазақстан-Өзбекстан арасындағы тауар айналымы жыл сайын артып келеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2019 жылдың қаңтар-наурыз айларында екі ел арасындағы тауар айналымы 621,6 млн АҚШ доллар құрады. Бұл - өткен жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда 13,2 пайызға жоғары, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2019 жылғы қаңтар-наурызда Қазақстаннан Өзбекстанға экспорт 20,9 пайызға өсіп, 490,5 млн АҚШ долларын құрап отыр.

«Қазақстаннан Өзбекстанға экспортталатын негізгі тауарлар: бидай - 96,4 млн АҚШ доллар ( 19,7% үлеспен), легирленбеген болаттан жасалған жартылай фабрикаттар - 42,4 млн АҚШ доллар (8,6%), шикі мұнай - 37,6 млн АҚШ доллар (7,7%), мұнай өнімдері - 34 млн АҚШ доллар (6,9%), күнбағыс тұқымы - 24,6 млн АҚШ доллар (5%), мыс кендері мен концентраттары - 22 млн АҚШ доллар (4,5%), өңделмеген алюминий - 19,7 млн АҚШ доллар (4%), бидай немесе бидай-қара бидай ұны - 18,4 млн АҚШ доллар (3,8%), қара металдардың қалдықтары мен сынықтары - 16,1 млн АҚШ доллар (3,3%), цемент - 11,4 млн АҚШ долларын (2,3%) құрады», - делінген министрліктің хабарламасында.null

Өзбекстаннан Қазақстанға жасалған импорт 2019 жылғы қаңтар-наурызда 8,5 пайызға төмендеп, 131,0 млн АҚШ долларына тең болған.

«Өзбекстаннан Қазақстанға жасалатын импорттың негізгі тауарлары мыналар: қорғасын кендері мен концентраттары - 19,5 млн АҚШ доллар (14,9% үлеспен), этилен полимерлері - 13,3 млн АҚШ доллар (10,2%), табиғи газ - 13 млн АҚШ доллар (9,9%), өңделмеген мырыш - 7,5 млн АҚШ доллар (5,7%), жүзім - 5,9 млн АҚШ доллар (4,5%), қырыққабат - 5 млн АҚШ доллар (3,8%), өзге де көкөністер - 4,2 млн АҚШ доллар (3,2%), азотты тыңайтқыштар - 4,2 млн АҚШ долларын (3,2%) құрады», - деп хабарлайды министрліктен.

2005 жылдан бастап 2018 жылға дейінгі кезеңде Өзбекстаннан Қазақстанға тікелей инвестициялардың жалпы ағыны 32,2 млн АҚШ долларын құраған. 2005 жылдан бастап 2018 жылға дейінгі кезеңде Қазақстаннан Өзбекстанға тікелей инвестициялардың жалпы ағыны 292,4 млн АҚШ долларына жеткен. 2019 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстанда өзбектердің қатысуымен 2517 заңды тұлғалар, филиалдар мен өкілдіктер тіркелген. Олардың ішінде жұмыс істеп тұрғандарының саны 592.

«Бұдан басқа, 50 млн АҚШ доллары сомасына жылу материалдарын, көбіктенген каучук негізінде жылу оқшаулағыштарды, сорғы жабдықтары мен қазандықтарды, трансформаторларды, рельс өнімдерін, фанераларды, құрғақ құрылыс қоспаларын, шыны пластикалық құбырларды, май өнімдерін, ұн, күркетауық етін, дәрілік препараттарды, медициналық мақсаттағы бір рет қолданылатын бұйымдарды, қаптау өнімдерін, пэт-преформаларды жеткізуге арналған экспорттық шарттар жасалды. Өзбекстанның әлемдік импортын талдау нәтижелері бойынша Қазақстанның әлемге экспорты және Қазақстанның Өзбекстанға экспорты бойынша деректермен салыстыра отырып, бұл нарық қазақстандық өңделген өнімнің экспорты үшін белгілі бір әлеует екенін көрсетті», - деп хабарлайды министрліктен.

Соңғы жаңалықтар