+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Қазақстан өз азаматтарын Уханьнан эвакуациялады

2020 жылғы 2 ақпан 12:30
Бөлісіңіз:
Қазақстан өз азаматтарын Уханьнан эвакуациялады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2020 жылдың 2 ақпанында Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ҚР ДСМ Ұлттық шұғыл медицина үйлестіру орталығы елімізге ҚХР Ухань қаласында жүрген 83 қазақстандықты, оның ішінде 80 студентті жеткізді, деп хабарлайды primeminister.kz сайты.

Ұқсас жаңалықтар
Ақтөбеде Кавасаки тәрізді синдромға шалдыққан екі бала емделіп жатыр Пневмонияға шалдыққандардың барлығы ПТР тест тапсырды ма – Вице-министр жауабы Алексей Цой коронавирус турасында: Елде дүрбелең жоқ

Ұшу барысында біздің азаматтарымызды барлық қорғау құралдарымен қамтамасыз етілген қазақстандық дәрігерлер сүйемелдеді.

Денсаулық жағдайы тексерілгеннен кейін елге оралған азаматтар қаладан 7 шақырым жерде орналасқан елорданың көпбейінді ауруханасы жанындағы инфекцияға қарсы арнайы бөлінген корпуста 14 күндік карантинге жатқызылды.

Клиника инфекциялық қауіпсіздіктің қажетті технологияларымен, заманауи диагностикалық, емдік және реанимациялық құралдармен жабдықталған, тиісті медициналық қызметкерлері бар.

Медициналық мекемеде эвакуацияланған азаматтар қосымша тексеруден, бірінші кезекте, коронавирустық инфекцияға тестілеуден өтеді.

Карантин кезеңі кезінде елге келген адамдармен тек аса қауіпті инфекциялармен жұмыс істеу тәжірибесі бар медициналық персонал ғана байланыста болады.

Елге жеткізілген азаматтардың туған-туыстары мен жақындары хабардар етілді және олар карантиндік кезеңнің регламентімен таныстырылды.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚХР-ға 13,6 тонна көлемінде медициналық бұйымдар түрінде гуманитарлық көмек жеткізілді.

Қырғызстан Республикасы, Беларусь Республикасы және Армения Республикасы биліктерінің өтініші бойынша осы елдердің де азаматтары ҚХР Ухань қаласынан эвакуацияланды.

Барлық қажетті ақпаратты ұсыну үшін тәулік бойы 1406 сall-орталығы жұмыс істейді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT