​​Қазақстан өз азаматтарын Қытайдан эвакуациялауды жалғастырады - ҚР СІМ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазақстандықтарды коронавирусты жұқтырудан қорғау жөнінде іс-шаралар қабылдау туралы тапсырмасына сәйкес, ҚР Үкіметі ҚХР аумағындағы және отанына оралуға тілек білдірген қазақстандықтарды эвакуациялайды. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігі Telegram-да жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Биылғы 10 және 12 ақпанда қазақстандық азаматтарды әкелу үшін Қытай билігімен келісім бойынша Бейжіңге «Air Astana» әуекомпаниясының екі ұшағы жіберіледі. Ұшу барысында жолаушылармен бірге медициналық қызметкерлер болады.
«Қытай тарапының өтініші бойынша осы рейстер арқылы Бейжіңге Қазақстандағы Қытайдың 47 азаматын, сондай-ақ Қытай Елшілігінің коммерциялық емес жүгін жеткізу жоспарлануда.
Қазіргі уақытта ҚХР аумағында ҚР-дың 719 азаматы бар, оның 391 отанына оралуға көмек көрсету туралы өтініш білдірді. Қалғандары – дипломатиялық мекемелердің қызметкерлері мен отбасы мүшелері, студенттер және басқа да жеке тұлғалар Қытайда қалуға тілек білдірді.
Қазақстанның ҚХР-дағы дипломатиялық мекемелері қажет болған жағдайда тиісті көмек көрсету үшін ҚР азаматтарымен жұмысты жалғастыруда және тұрақты байланыста. Аталған барлық шаралар ҚХР аумағындағы біздің азаматтарға байланысты барлық мәселелерді шешуге сындарлы көзқарас танытатын Қытай тарапымен тығыз үйлестіру негізінде жүзеге асырылады», - делінген министрлік мәліметінде.


Соңғы жаңалықтар