Қазақстан Орталық Азияның қауіпсіздігіне ықпал етіп келеді - Литва Сеймі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіндегі мүшелігі кезінде халықаралық шиеленістерді реттеуде елеулі ықпалын тиігізді. Бүгін Астанада ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған халықаралық парламенттік конференцияда Литва Республикасының Сеймі төрағасының орынбасары Ремигиус Жемайтайтис мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстан Орталық Азия елдері арасында өзінің маңызды географиялық жағдайымен, мәдениетімен, табиғи ресурстар байлағымен ерекшеленіп тұр. Атап айтқанда, Қазақстан Литваның Орталық Азиядағы маңызды серіктесі. Біздің елдер табысты түрде дамып келеді және өзара достық қатынастар мен екіжақты саяси диалог орнатылған», - деді Р. Жемайтайтис.

Осы орайда, екі ел арасында бірқатар салаларында елеулі жобалар бар екенін атап өтті.

«Қазақстан ЕО-ның маңызды серіктесі екенін білесіздер. Ядролық қарудан бас тартқаннан кейін, Қазақстан Орталық Азиядағы қауіпсіздікті нығайтуға ықпал етіп келеді. Сонымен қатар, Литва елі де осы өңірдегі тұрақтылық пен қауіпсіздіктің сақталуына жанашырлықпен қарайды. Өздеріңіз білесіздер, Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіндегі мүшелігі кезінде халықаралық шиеленістерді реттеуде және лаңкестікпен күрес бағытында елеулі ықпалын тигізді», - деді ол.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Астанада ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған «Астана - жаһандық интеграция, қауіпсіздік және бейбітшілік орталығы» тақырыбында халықаралық парламенттік конференция басталды

Конференция барысында Өзбекстан Олий Мажлисінің спикері Нуриджон Исмоилов Елбасы мақаласына қатысты пікір білдірді.

Сонымен қатар, Түркияның Ұлы Ұлттық жиналысы төрағасының орынбасары Мустафа Шентоп Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы туралы өз ойын айтты.

 

Соңғы жаңалықтар