+7 (701) 759 90 19
USD 425.85 EUR 499.78
RUB 5.82 CNY 65.87
Jańalyqtar

Қазақстан Орталық Азияға қандай тауарлар экспорттайды

2021 жылғы 13 шілде 14:08
Бөлісіңіз:
Қазақстан Орталық Азияға қандай тауарлар экспорттайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сауда және интеграциялар министрі Бақыт Сұлтанов Орталық Азия елдерімен тауар айналымы туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстаннан Түркияға 600 контейнер жасымық экпорталады Қазақстанда тауар таңбалау: Іске асқан жобалар мен жоспардағы өнімдер қандай Ақмолада тексерілген балалар ойыншықтарының 60 пайызы нормаға сәйкес келмейді

«Өткен жылы Орталық Азия елдерімен тауар айналымы шамамен 4,6 млрд долларға жетті. Оның ішіндегі ең ірі серіктес – Өзбекстан, онда біз шамамен 2,1 млрд долларға бидай, ұн, мұнай және мұнай өнімдерін, металдар мен металдан жасалған бұйымдар экспорттаймыз», - деді Сауда министрі Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Министрдің айтуынша, бүгінде кооперация аясында машина жасау өнімдерінің пайда болуы да өте маңызды.

«Тәжікстанға шамамен 800 млн доллар болатын бидай, табиғи газ, мұнай өнімдері, көмір жібереміз, Қырғызстанға – 562 млн долларға бағаланатын шамамен осындай өнім жеткіздік. Импортқа келсек, тоқыма, құрылыс материалдарын және маусымдық жеміс-көкөніс өнімдерін аламыз» - деді Бақыт Сұлтанов.

Айта кетейік, ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов халық алдындағы есептік кездесуінің қорытындысы бойынша онлайн баспасөз конференциясын өткізіп жатыр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT