Қазақстан Орталық Азияда бейбітшілікті нығайтуда маңызды рөлді атқара алады - Үндістан Премьер-Министрі

None
None
АСТАНА. 16 сәуір. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Қазақстан Орталық Азияда бейбітшілікті нығайтуда маңызды рөлді атқара алады. Бұл туралы бүгін Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен кеңейтілген құрамдағы келіссөздерден кейінгі брифингте Үндістан Премьер-Министр Манмохан Сингх мәлім етті.

«Қазақстан әлеуеті зор мемлекет. Атап айтқанда Қазақстан Орталық Азияда бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтуда, дамыту үдерісін жалғастыруда маңызды рөлді атқара алады. Осы орайда Үндістан бұл бағытта бірлесіп жұмыс істеуге ниетті»,-деді М. Сингх.

Премьер-Министр М. Сингх Елбасымен жемісті келіссөздер өткенін және өзара мүдделер тұрғысындағы маңызды мәселелерді талқылауға жағдай жасалғанын айтып өтті.

«Біз саяси өзара түсіністік бойынша жоғары деңгейге қол жеткіздік. Осы орайда Қазақстан мен Үндістан арасында жоғары деңгейдегі кездесулерді жиі өткізіп тұруға келістік»,-деп түйіндеді ол.

Соңғы жаңалықтар