Қазақстан ормандары мен дала алқаптарында соңғы екі тәулікте 57 рет өрт шыққан

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еліміздің аймақтарында аптап ыстыққа байланысты республикада өрт қаупі жоғары болып тұр. Өткен тәулікте республика бойынша 29 орман және дала өрті оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТЖ комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы облысының Жамбыл, Сарқан аудандарында, Ақтөбе облысының Әйтеке би, Ойыл, Қарғалы, Мұғалжар, Хромтау аудандарында, Атырау облысының Қызылқоға ауданында, Шығыс Қазақстан облысының Бородулиха, Үржар аудандарында, Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында, Ақжайық, Бөрлі, Жәнібек, Қаратөбе, Тасқала, Сырым аудандарында, Қарағанды облысының Шет ауданында, Қостанай облысының Жангелді, Федоров аудандарында, Павлодар облысының Шарбақты ауданында жанған құрғақ шөп сөндірілді.

Аталған аймақтардағы дала өртінің жалпы ауданы 4538 мың гектарды құрайды. Өртті сөндіруге ТЖД күштері мен құралдары, ерікті өрт сөндіру топтары және орман шаруашылығы тартылды.

ТЖК БҚО мен Қостанай облыстарындағы 2 орман өрті, Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарындағы 5 құрғақ шөптің жануын бақылап отыр. Сондай-ақ 12 шілдеде республика бойынша 28 орман және дала өрті тіркелген.

Алматы облысының Жамбыл ауданында, Ақтөбе облысының Алға, Қарғалы, Ойыл, Мәртөк, Қобда аудандарында, Атырау облысының Қызылқоға ауданында, Батыс Қазақстан облысының Бәйтерек, Жаңақала, Қаратөбе, Тасқала, Сырым, Бөрлі, Шыңғырлау аудандарында, Шығыс Қазақстан облысының Үржар, Ұлан, Бесқарағай аудандарында, Қарағанды облысының Шет, Ақтоғай, аудандарында өртенген шөп сөндірілді.

Аталған аймақтардағы дала өртінің жалпы ауданы 18 мың гектарды құрайды. Оның ішінде Атырау облысында –10880 га, Шығыс Қазақстан облысында - 3089 га, Батыс Қазақстан облысында - 2784 га. Өртті сөндіруге ТЖД күштері мен құралдары, ерікті өрт сөндіру топтары жұмылдырылды.

ІІМ ТЖ комитеті азаматтарды дала және орман алқаптарында болған кезде қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.


Соңғы жаңалықтар