Қазақстан орбитада жұмыс істеп тұрған спутниктер саны бойынша 30-орында

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат– 2021 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша Жер орбитасында 4550 белсенді спутник болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Dewesoft зерттеу тобының (UCS, ESRI және Space Foundation спутниктерінің мәдіметтер базасының негізінде) статистикасына сілтеме жасап.

Жер орбитасындағы ғарыш аппараттарының саны бойынша SpaceX компаниясы көш бастап тұр - 1655 спутник (36%).

«Екінші орында 288 спутникпен OneWeb компаниясы, үшінші орында 188 аппаратпен Planet компания» делінген ақпараттық бюллетенде.

Мемлекеттер бойынша АҚШ-тың орбитада спутниктері көп – 2804 ғарыш аппараты. Бұл жалпы спутниктер санының жартысынан көбі.

Екінші орында - Қытай (467), үшінші орында - Ұлыбритания (349), төртінші – Ресей (168).

Қазақстан бұл тізімде алты спутникпен 30-орында. ҚР-ның «Kazsat» екі байланыс спутнигі, «KazEOSat» екі қашықтан зондтау спутнигі мен «KazSTSat» екі ғылыми-технологиялық спутнигі бар.

Төменгі Жерге жақын орбитада 3 мыңнан астам спутник бар – әдетте мұнда байланыс және Жерді қашықтан зондтау спутниктері орналасқан.

Осы жерден Starlink, ХҒС және Хаббл ғарыш телескобын табуға болады.


Соңғы жаңалықтар