+7 (701) 759 90 19
USD 376.51 EUR 418.91
RUB 6.13 CNY 54.90
Jańalyqtar

Қазақстан ОПЕК+ келісімі бойынша мұнай өндіруді қосымша қысқартуды қолдады

2019 жылғы 7 желтоқсан 11:16
Бөлісіңіз:
Қазақстан ОПЕК+ келісімі бойынша мұнай өндіруді қосымша қысқартуды қолдады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан ОПЕК + келісімі бойынша мұнай өндіруді тәулігіне 500 мың баррельге қосымша қысқартуды қолдады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

Ұқсас жаңалықтар
Жаңаөзенде газ бағасы 55 теңгеден сатылатын болды Жамбыл облысында электр қуаты қымбаттады Нұр-Сұлтан қаласындағы ЖЭО жұмысшыларына сыйақы берілді

«6 желтоқсанда Венада ОПЕК+ VII конференциясы өтті. Оның аясында 2020 жылдың бірінші тоқсанының аяғына қарай мұнайды тәулігіне 500 мың баррельге қысқарту туралы шешім қабылданды. Қазақстан бұл шешімді мұнай өндіруді тәулігіне 17 мың баррельге қосымша қысқарту бойынша міндеттеме алу арқылы қолдады. Осылайша, 2018 жылғы желтоқсанда қабылданған қолданыстағы келісім бойынша Қазақстанның ағымдағы міндеттемелері күніне 1,843 млн баррельді құрайды», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, шара аясында ОПЕК-ке мүше елдер мен оған кірмейтін елдер арасындағы Ынтымақтастық туралы хартияға қол қою рәсімі өтті, бұл ОПЕК + ынтымақтастығын и институцияландыруға мүмкіндік береді. Хартия ОПЕК + елдері арасындағы өзара әрекеттесуді ұзақ мерзімде жақсартуға бағытталған, мұнай нарығының негіздерін түсінуге, өндіруші елдер мен мұнайды тұтынушылар арасындағы тиімді өзара әрекеттесуге ықпал етеді, сонымен қатар өзгермелі жаһандық энергетикалық баланстағы мұнайдың рөлін күшейтеді.

Еске сала кетейік, осы жылдың маусым айында құжатқа ОПЕК + Келісімінің қатысушылары Хартияның мәтінін келісу бойынша ішкі рәсімдерді жүргізу үшін алдын-ала мақұлдаған болатын.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT