Қазақстан ОПЕК+ келісімі бойынша консенсусты қолдады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ОПЕК+ келісіміне қатысушы елдердің министрліктерінің бұл жолғы кездесуі видеоконференция форматында өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ОПЕК+ кездесуіне Қазақстан тарапынан Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев қатысты.

Нұрлан Ноғаевтың айтуынша, ОПЕК+ келісімі әлемдік мұнай индустриясына оң ықпалын тигізеді. Сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігін сақтап, мұнай мен мұнай өнімдерінің нарығын тұрақтандырады.

Кездесу нәтижесінде 2021 жылдың қаңтар айында мұнай ұсынысын ОПЕК+ елдерінің жалпы өндіру көлемінен тәулігіне 500 мың баррельге арттыру туралы шешім қабылданды.

ОПЕК+ елдерінің жалпы шегі 2021 жылдың қаңтарында негізгі деңгейден тәулігіне 7,2 млн баррельді құрайды.

Қазақстан үшін шекті деңгей - 2021 жылдың қаңтарында тәулігіне 1,417 млн баррель.

Сонымен қатар 2021 жылдың қаңтар айынан бастап қатысушы елдер мұнай нарығындағы қазіргі жағдайды бақылау және бұдан әрі шекті деңгейін анықтау үшін министрліктердің кездесуін ай сайын өткізуге келісті.

Соңғы жаңалықтар