+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Қазақстан ОПЕК+ келісімі аясында өз міндеттерін орындайды

2020 жылғы 15 шілде 23:06
Бөлісіңіз:
Қазақстан ОПЕК+ келісімі аясында өз міндеттерін орындайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін ОПЕК+ бірлескен мониторинг комитетінің отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұған дейін ОПЕК+ қатысушы елдер арасында 2020 жылдың мамыр-шілде айларында мұнай өндіруді тәулігіне 9,7 млн баррельге дейін ұжымдық қысқарту туралы келісімге қол қойылған еді.

«ОПЕК+ бірлескен мониторинг комитеті отырысында 2020 жылдың маусым айында мемлекеттердің орындаған міндеттері қорытындыланды.

Қатысушылар келісімнің әлемдік мұнай индустриясына оң ықпал еткенін атап өтті.

Әр түрлі себептермен өз міндеттерін толық орындай алмаған бірқатар елдер мұнай өндіру көлемін қосымша қысқартуға дайын екендерін айтты», делінген хабарламада.

Министрліктің мәлімдеуінше, Қазақстан өз кезегінде міндеттемелерді орындауға дайын. «Бұған дейін мемлекет өкілдері ОПЕК+ хатшылығына мамыр айының алғашқы 12 күнінде елде саланың инерттілігіне байланысты мұнай артық өндірілгенін хабарлаған болатын.

ОПЕК+ келісімінің талаптары бойынша биыл тамыз айында мұнай өндіру көлемін ұжымдық қысқартуды тәулігіне 9,7 млн баррельден 7,7 млн баррельге дейін азайту қарастырылған», делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, 18 маусымда өткен ОПЕК+ министрлік мониторинг комитетінің отырысында ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев мамыр айында ОПЕК + келісімі аясында Қазақстанның міндеттемелерін орындауы 71% құрағанын атап өтті.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT