Қазақстан ОПЕК + келісімі аясында мұнай өндіруді арттырады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін бейнеконференция форматында ОПЕК+ келісіміне қатысушы елдердің министрлер отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстанның энергетика министрі Нұрлан Ноғаев өз сөзінде атап өткендей, бүгінгі таңда коронавирустың таралуына қарсы күресте оң динамика байқалып отыр және мұнай мен мұнай өнімдеріне сұраныс біртіндеп қалпына келуде.

Кездесудің қорытындысы бойынша келісімге қатысушы елдер мұнай өндіруді қысқартуға қатысты қазіргі деңгейді 2021 жылғы сәуірге дейін ұзарту туралы шешім қабылдады. Бұл ретте, Қазақстан мен Ресей үшін осы кезеңдегі өндірісті сәйкесінше тәулігіне 20 және 130 мың баррельге кезең-кезеңмен ұлғайтуды көздейтін жеке шарттары келісілді. Осылайша, ОПЕК+ шеңберіндегі Қазақстан үшін міндеттемелер сәуір айында тәулігіне 1,457 млн баррельді немесе базалық деңгейден -15% құрайды (тәулігіне 1,709 млн барр - 2018 жылғы қараша деңгейі).


Соңғы жаңалықтар